Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасы өтінім-пішіні

Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасы

Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасын British Council АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің атынан ұйымдастырды. Бағдарламаның мақсаты – журналистердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға және елдің үштілдікке өтуі үдерісінде ағылшын тілін білуді кеңейтуге деген Қазақстанның ұмтылысын қолдау.

Курсқа елдің сегіз қаласында қазақстандық журналистерге арналған 160 сағат оқу кіреді. Сабақ 2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін өтеді, жазға және Қазақстанның мемлекеттік мерекелеріне үзіліс жасалады.

Бағдарламаға іріктеуден өту үшін:

-       қазіргі уақытта Қазақстандағы баспасөз, телевизия, радио- немесе онлайн бұқаралық ақпарат құралында журналист болып жұмыс істеуіңіз;

-       Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Өскеменде немесе Шымкентте тұруыңыз және жұмыс істеуіңіз;

-       аптасына 4,5 сағатыңызды сабаққа бөлуге, сондай-ақ үй тапсырмасын орындауға мүмкіндігіңіз болуы қажет.

Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» курсына қатысуға өтінім беру үшін 11 желтоқсанға дейін төменде көрсетілген пішінді толтырыңыз.

АҚШ елшілігі мен British Council төменде келтірілген сұрақтарға берілген жауаптардың негізінде үміткерлерді алдын ала таңдайды. Алдын ала іріктелген үміткерлер 14 желтоқсанға дейін хабарлама алады. Ағылшын тілін бастапқы деңгейден жоғарырақ дәрежеде білетін үміткерлерге онлайн-тестке сілтеме жіберіледі, оны 12 қаңтарға дейін орындау керек. Сонымен қатар олар оқытушымен қысқаша сұхбатқа шақырылуы мүмкін, бұл олардың тілді меңгерген деңгейін қосымша бағалауға көмектеседі. Тестіден өз бетіңізше, ешкімнің көмегінсіз өткеніңіз маңызды. Тестілеудің нәтижелері бойынша сізді өз деңгейіңізге сәйкес келетін топқа белгілейді. Тест нәтижелері бағдарламаға қатысушылардың іріктелуіне әсер етпейді.

Бағдарламаға қатысу туралы түпкілікті шешімді АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қабылдайды. Шешім үміткердің тұратын қаласы, уәждемесі және жұмыс берушінің қолдауы сияқты бірқатар факторға негізделіп қабылданады.

Іріктелген қатысушылар 25 қаңтарға дейін хабарлама алады. Сабақ 2019 жылғы 11 ақпанда басталады.

T