Құрметті респондент!

Қазақстандағы адам құқықтары және адамның қадір-қасиеті туралы тақырыпты ұғынуыңыз, қабылдауыңыз және құзыреттілігіңіздің дамуы туралы біздің сауалнамамызға қатысуға келісім бергеніңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз.  

Халықаралық көші-қон ұйымы іске асыратын «Қадір-қасиет және құқықтар» USAID жобасының серіктестері бұл зерттеуді жинақталған деректердің негізінде адам саудасына, трансұлттық құл саудасына қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын сақтау саласында ынтымақтастықты нығайту үшін жүргізеді.

Біз зерттеудің нәтижелері серіктес болуға және біздің елімізден шыққан мигранттарға, сондай-ақ оларға сенетін және көмектесуге ниет білдіргендерге құқықтық, әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған барлық тәсілдерді жақсартуға жәрдемдеседі деп үміттенеміз.

Біздің сұрақтарымызға біздің интервьюермен бірлесіп жауап беруіңізді, жауаптарды осы сауалнамада мүмкіндігінше нақты толтыруыңызды өтінеміз.

Сіздің сауалнамаға қатысқаныңыз оны пайдалы етеді деп сенім білдіреміз.

Рахмет, келесі кездескенше!

Демографиялық деректер

Question Title

1. Қазіргі уақытта өзіңіз тұратын елді көрсетіңіз

Question Title

2. Сіз кәмелеттік (18) жасқа толғанға дейін қайда тұрдыңыз?

Question Title

3. Азаматтығыңызды көрсетуді өтінеміз

Question Title

4. Қазір Қазақстанда болуыңыздың себебін көрсетіңіз

Question Title

5. Өз жасыңызды көрсетіңізші (сәйкес келетін тек бір жауапты таңдаңыз)

Question Title

6. Жынысыңыз

Question Title

Отбасы жағдайыңыз

Question Title

8. Сіздің кәмелетке толмаған, яғни 18 жасқа толмаған неше балаңыз бар?

Question Title

9. Сіздің кәмелетке (18 жасқа) толмаған балаларыңыз қайда тұрады?

Question Title

10. Сіздің отбасыңыздың мүшелері арасында мигранттар бар ма? (сәйкес келетін тек бір жауапты таңдаңыз)

Адам құқықтары туралы ұғымыңыз

Question Title

11. Сіздің пікіріңізше, адамның қадір-қасиеті мен құқықтары дегеніміз – бұл …? (Өзіңіз келісетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

12. Сіз өзіңіз тұратын елде адам құқықтарын бұзу және адамның қадір-қасиетін қорлау проблемаларымен бетпе-бет келдіңіз бе? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз):

Question Title

13. Жоғарыда көрсетілген адам құқықтарын бұзушылықты Сіз қайдан білесіз немесе бетпе-бет келдіңіз? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

14. Құқықтар бұзылған жағдайларда, атап айтқанда адам саудасы оқиғаларында кім адамның құқықтарын қалпына келтірудің кепілі болып табылады? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

15. Сіз қалай ойлайсыз,  адам саудасының құрбандары адам құқықтарының иесі болып табылатынын және оларды қалпына келтіруге құқылы екендерін біле ме? (сәйкес келетін тек бір жауапты таңдаңыз)

Question Title

16. Сіз қалай ойлайсыз, қазір сіздің қалаңыздың/ ауылыңыздың/ өңіріңіздің/ еліңіздің тұрғындары үшін адам құқықтары және адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау туралы ақпарат жеткілікті ме? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

17. Еңбек көші-қоны қандай тәуекелдермен байланысты? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

18. Еңбек көші-қон қандай мүмкіндіктермен ілесе жүреді? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Қабылдау

Question Title

19. Кестедегі бекітулермен өзіңіздің келісу немесе келіспеу дәрежеңізді көрсетуді өтінеміз:

  Толық келісемін Келісемін Жауап жоқ Келіспеймін Мүлде келіспеймін
Мен бөтен елдегі және мәдениеттегі адам құқықтары туралы аз білемін
Мен адам құқықтары мәселелерімен, оның ішінде балалардың білім алуымен бұрыннан айналысамын
Мен адам құқықтары туралы бірінші рет естіп тұрмын
Адамның қадір-қасиетін сыйлау және ол үшін жағдайлар жасау керек
Адам құқықтары әзірленген, тек біздің елімізде құқықтарды қорғаудың қағидаттары мен негізгі тетіктерін кеңінен тарату керек
Адамның қадір-қасиеті мен адамның құқықтары – бұл маған және менің жақындарым мен достарыма таныс емес терминдер
Адам құқықтарын бәрі тоқ басқа елдерде ойлап тапқан, олар бізге келмейді
Адамның құқықтары мен қадір-қасиеті жөніндегі заңдар мен нормаларды анағұрлым көп адам білетін болса, біздің қоғамымыз соғұрлым тұрақты болады
Мен адам құқықтары туралы көбірек білгім келеді, егер мүмкіндік болса, тренингтерге барамын
Менің отбасымда адам құқықтары мен қадір-қасиеті құрметтеледі

Question Title

20. Сізге адам құқықтары мен адамның қадір-қасиеті туралы қандай заңдар мен тұжырымдамалар таныс? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Құзыреттілік және құзырлылық

Question Title

21. Төмендегі бекітулермен келісу және келіспеу дәрежесін көрсетіңіз (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз):

  Толық келісемін Келісемін Жауап жоқ Келіспеймін Мүлде келіспеймін
Мемлекеттің тарапынан қорғау құпиялылықты қамтамасыз етуі тиіс
Мемлекеттің тарапынан қорғау алғашқы медициналық көмекті қамтамасыз етуі тиіс
Еліне және мәртебесіне қарамастан, балалар тегін бастауыш білім алуға құқылы
Мен барған елде еркін жүріп-тұру, елге келу және кету құқығы сақталады
Басқа елге шығу үшін құжаттар мен визаларды дайындау және растау өте оңай
Шетелде жұмыс ұсынушыларға сенім білдірмес бұрын олардың барлығын тексеріп, анықтама жинау керек
Барған елде тіркелу үшін тіркеу органына жеке өзінің баруы қажет
Барған кез келген елде алғашқы медициналық көмек тегін көрсетілуі тиіс
Шетелде балалар еңбегі туысқандардың үйінде жиі пайдаланылады, мысалы балаға қарау немесе шаруашылықты күту

Question Title

22. Төменде көрсетілген мекемелердің қайсысы заң бойынша мигранттарға, адам саудасының құрбандарына және шетелде қиын өмір жағдайына тап болған адамдарға көмек көрсетуге міндетті? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

23. Сіз көшіп-қонудың қауіптері мен тәуекелдері туралы БАҚ-та және әлеуметтік медиада жаңалықтар көрген кезде, оларды қалай қабылдайсыз? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз):

  Толық келісемін Келісемін Жауап жоқ Келіспеймін Мүлде келіспеймін
Мен қорқамын, мұндай жаңалықтар менде стресс тудырады
Мен бұл проблема туралы және ықтимал шешімдері туралы көбірек білгім келеді
Бұл проблема туралы мен ештеңе білгім келмейді
Бұл проблемалар маған өзімнің жеке тәжірибемнен және маған жақын адамдардың тәжірибесінен таныс
Мен бұл проблемаларды шешуге көмектескім келеді, бірақ мұны қалай істеу керек екенін білмеймін

Question Title

24. Егер көші-қонның салдарынан құқықтары бұзылған сіздің жақындарыңыз және достарыңыз Сізден көмек сұраса, сіз оларға қалай көмектесер едіңіз?

Question Title

25. Сізге төменде көрсетілгендердің бірін практикада қолдануға тура келген кез болды ма?  (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

26. Еңбек көші-қоны туралы, көші-қонға байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпарат Сізге қалай жетеді?

Question Title

27. Еңбек көші-қоны туралы, көші-қонға байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпаратқа қол жеткізуде проблемалар бар ма? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

28. Сіз төменде көрсетілген қандай да бір тренингтер мен семинарлардың қатысушысы болдыңыз ба? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

Question Title

29. Сіз өз еліңізде және шетелде адам құқықтарына арналған апталықтар мен күндерге қатысқыңыз келе ме? (сәйкес келетін тек бір жауапты таңдаңыз)

Question Title

30. Егер қандай да бір ретте Сіздің эссе конкурсына қатысуға мүмкіндігіңіз болса, сіз қатысар ма едіңіз? (сәйкес келетін тек бір жауапты таңдаңыз)

Question Title

31. Егер Сіздің адам саудасын және адам құқықтары мен қадір-қасиетін бұзуды болдырмау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға мүмкіндігіңіз болса, сіз кім ретінде қатыса алар едіңіз (сәйкес келетін тек бір жауапты таңдаңыз)

Question Title

32. Адам құқықтары және адамның қадір-қасиеті туралы ақпарат алу үшін сіз қандай дереккөздерге жүгіндіңіз? (сәйкес келетін барлық жауаптарды таңдаңыз)

1-қосымша. Ресми Глоссарий *
*Қараңыз - Көші-қон жөніндегі Глоссарий, авторлары Ричард Перрюшо және Джиллиан Редпатс – Кросс

Адам саудасына қарсы күрес – адам саудасының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, салдарларын барынша азайтуға және адам саудасынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені.

Азғырып көндіру – қандай да бір жұымстарды орындау үшін жалдау, іріктеу, қандай да бір, оның ішінде құқыққа қарсы қызметке тарту,  қандай да ұйымның құрамына, оның ішінде заңмен тыйым салынған қызметке тарту.

Адам саудасының құрбаны (АСҚ) – осы адамның азғырып көндіруге, тасымалдауға, беруге, сатуға немесе адам саудасымен байланысты өзге әрекеттерге келісі бар болуына қарамастан, адам саудасынан зардап шеккен адам.

Адам саудасының құрбандарын қорғау – адам саудасынан зардап шеккен адамдардың бұзылған құқықтарын қалпына келітурге бағытталған іс-шаралар.

Адамдарды заңсыз әкелумен айналысатын адам – бұл адамдарды  халықаралық танылған мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу мақсатында оларды (шарт бойынша) тасымалдайтын делдал.

Адам саудасымен айналысатын адам – бұл алдау, мәжбүрлеу және/немесе қанаудың басқа нысандары арқылы экономикалық және басқа да пайда табу үшін адамдарды тасымалдайтын делдал. Ең басынан бастап адам сатушылардың пиғылы адамды қанау және пайда табу немесе қанаудан пайда табу болып табылады.

Балалар еңбегінің ең нашар түрлері – құлдықтың немесе құлдыққа ұқсас институттар мен салттардың барлық нысандары (балаларды сату, қарызға батыру, мәжбүрлі немесе міндетті еңбек, оның ішінде әскери қақтығыстарда пайдалану үшін балаларды мәжбүрлі немесе міндетті азғырып көндіру); баланы: жезөкшелікпен айналысу, порнография шығару, порнографиялық көрсетулер, заңға қайшы әрекет үшін, атап айтқанда есірткі өндіру және тасымалдау немесе өзінің табиғатына байланысты немесе ол орындалатын жағдайлар бойынша баланың денсаулығына, қауіпсіздігіне немесе адамгершілігіне зиян келтіруі мүмкін қандай да бір басқа жұмыс үшін пайдалану, сатыпу алу немесе ұсыну. 

Адам саудасының құрбандарына көмек – адам саудасынан зардап шеккен адамдарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық, ақпараттық және өзге қолдауды қамтитын іс-шаралар.

Адамның құқықтары – бұл қазіргі заманғы құндылықтар мен жетістіктерге сәйкес барлық адамдар өздері өмір сүретін қоғамда оларға «құқылы екендігі туралы» мәлімдей алатын  бостандықтар мен игіліктер. Бұл құқықтар 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясынан тұратын Адам құқықтары туралы халықаралық биллде және  1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени
Адам саудасы – қанау мақсатында жүзеге асырылатын азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру немесе күш көрсетемін деп қорқыту немесе күш көрсету арқылы не мәжбүрлеудің, ұрлаудың, алаяқтықтың, алдаудың, билікті асыра пайдаланудың немесе жағдайдың осалдығын пайдаланудың басқа нысандары не басқа адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін параға сатып алу арқылы, төлемдер немесе пайдалар түрінде адамдарды алу. Пайдалануға кем дегенде басқа адамдардың жезөкшелігін пайдалану және сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары, мәжбүрлі еңбек немесе қызметтер, құлдық және құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар, еріксіз жағдай немесе ағзаларды алу жатады.

Баспана – заңда белгіленген тәртіппен құрылған және адам саудасы құрбандарының уақытша тұруына арналған адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыратын арнайы мекеме.

Осал топтар – басқа топтармен немесе қоғамның қалған бөлігімен салыстырғанда кемсітушілік сипаттағы шараларға, күш қолдануға ұшыраудың, табиғи, техногендік апаттардың немесе экономикалық дағдарыстардың құрбандары болудың жоғары тәуекелі бар қандай да бір топ немесе қоғамның бір бөлігі (мысалы әйелдер, қарт адамдар, балалар).
Осал топтар сондай-ақ қақтығыстар мен дағдарыстар кезеңінде тәуекелге ұшырайды.

Пайдалану – бір нәрсені немесе біреуді пайдаланумен байланысты әрекеттер, атап айтқанда біреудің жеке пайдасы үшін біреуді заңсыз пайдаланумен байланысты әрекеттер (мысалы сексуалдық пайдалану, мәжбүрлі еңбек, құлдық немесе құлдыққа ұқас институттар мен әдет-ғұрыптар, еріксіз жағдай  немесе ағзалары алу.

Балаларды пайдалану – бұл: экономикалық қанау (олардың денсаулығы үшін қауіп төндіруі немесе олардың білім алуына кедергі болуы мүмкін не олардың денсаулығына, дене бітімінің, ақыл-ойының, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін кез келген жұмыс), сексуалдық пайдалану (заңсыз сексуалдық қызметте, жезөкшелікте, балалар порнографиясында пайдалану), балаларды ұрлау, сату немесе олардың контрабандасы, балаларлы пайдаланудың кез келген өзге нысаны. 

T